Ираннан гастрабайтерлер кетіп жатыр
Ираннан гастрабайтерлер кетіп жатыр
6 жыл бұрын 2444 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына байланысты 2005 жылы қабылданған келісім-шарттан шығуына орай санкция астында қалған Иран (1963 жылы ядролық қаруды жасамау, таратпау туралы келісімге қосылған) экономикасы ауыр кезеңге тап болуына орай аталмыш ел аумағында нәпақасын айырып жүрген ауғандық гастрабайтерлер жаппай кетіп жатыр. Аталған елдегі азық-түлік бағасының тым шарықтап кетуіне әрі ақшаның қатты құнсыздануына байланысты. Бұл жайында Daily Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, бұл елден қарасын батырған ауғандық гастабайтерлердің қарасы күрт артқан. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым келтірген мәліметке қарағанда, 2018 жылы шамамен 780 мың ауған Иран жерінен кеткен. Өткен жылы Иранның ұлттық валютасы 60%-ға құнсызданып, инфляция деңгейі 40%-ға жеткен. Бұл елдегі ауғандықтардың дені көлеңкелі экономикада жұмыс істейді. Ауғандық гастрабайтерлердің дені аталған ел шекарасын заңсыз жолмен кесіп өткен. 

0 пікір
Мұрағат