Ирандық дисбаланс
Ирандық дисбаланс
7 жыл бұрын 3093 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран халқының билікке деген наразылығы өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл жайында Иранның экс-президенті Махмұд Ахмадинежадтың жоғарғы көсем Али Хаменейге жолдаған хатында айтылған. Соңғы уақытта Иран билігінің саясатын сынға алып жүрген Иранның бұрынғы президентінің жазуынша, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы мен үкімет қызметінің қалай жүргізіліп жатқанының белгісіз күйде қалуы халықтың ашу-ызасын тудыруда. «Өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін бүйрегін сатуға дайын жергілікті тұрғындардың ұзын сонар кезегі пайда болды. Жұмысшылар, зейнеткерлер, фермерлер, шағын кәсіпкерлер проблемамен бетпе-бет келіп отыр»,- деп жазғанын Baharnews ақпарат көзі таратқан хабарында келтіре кетіпті. Осылай дей келе қазіргі экономикалық ахуалға төзу мүмкін еместігін жеткізген. Ол, сондай-ақ, Али Хаменей бастаған жоғарғы басшылықтағы клерикалдық топтың өзге елдердегі шиттерді қолдауға арналған қыруар қаржының қалай жұмсалғанына бақылау орнатпағанын тілге тиек етіпті. Айта кету керек, Али Хаменейге бағынышты ұйымдарға 190 млрд долларға жуық қаржы бөлінген.

ÐÑандÑÒ Ð´Ð¸ÑбаланÑ

0 пікір
Мұрағат