Ирандағы соғыс атом энергетикасының маңыздылығын арттырды
Ирандағы соғыс атом энергетикасының маңыздылығын арттырды
2 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Eduardo Munoz / Reuters

Америка құрама штаттары мен Израилдің Иранға шабуылына байланысты туындаған энергетикалық дағдарыс күллі әлемді шарпыды. Иран билігі мен сақшылар корпусы (Иранның таңдаулы саяси және әскери құрылым) жаһандық мұнайдың бестен бір бөлігі тасымалданатын Үрміз бұғазын жауып тастағаннан кейін орын алған энергетикалық дағдарыс өз кезегінде атом энергетикасын дамытуға мүдделі елдер қарасын арттырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу Шығыстағы соғыс бүкіл әлем бойынша тұтынушыларды энергия көздерінен ажыратқаннан кейін атом энергетикасы сыртқы факторларға (мәселен, мұнай импортына тәуелділік секілді факторлар) көп ұшырамайтын баламалы энергия көзі ретінде қарастырыла бастаған. Мысалы, таяуда Тайуан президенті Лай Синде арал ядролық энергетика үшін ашық болуы тиісдеп мәлімдеді. Жапонияда жұмыс істеп тұрған реакторларды одан ары пайдалануға, ал жұмысы тоқтағандарын қайта іске қосуға бағытталған қадамдар да байқалды. Оңтүстік Корея билігі жедел қайта іске қосу үшін техникалық қызмет көрсететін он атомдық электр стансаның бесеуінде жұмысты жеделдететінін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат