Ирандағы өлім жазасы үштен бірге артқан – БҰҰ
|
Иранда өлім жазасы жиілеп кеткен. Өлімжазасынан бөлек өзге де жаза түрлерін қолдану көрсеткіші артқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының таяудағы есебіне сәйкес шиғалар еліндегі жазалау көрсеткіші үштен бірге өскен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ABC News ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ есебінше, биылдың өзінде, дәлірегі, 2023 жылдың алғашқы жеті айында парсылар елінде 419 адам өлім жазасына кесілген. Бұл тараптағы көрсеткіш өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 30%-ға көп. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, Иранда адам құқығының сақталуына қатысты ахуал күрт нашарлап кеткен. Әсіресе, 2022 жылдың қыркүйек айында хижаб кимегені үшін полиция қолынан ажал құшқан Мақсы Әмір есімді 22 жастағы бойжеткеннің қазасынан кейін халық толқуынан соң 22 мыңдай адам тұтқындалған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері есірткі саудасымен қолға түскендерден 239 адам өлім жазасына кесілген. Бұл көрсеткіш те өткен жылғысымен салыстырғанда 98%-ға көп.