Ирандағы ғылыммен тіклей байланысты компаниялардың 400-ге жуығын әйелдер ашқан
|
Иран аумағында бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан, қызметі мен бағыты ғылыммен және ғылыми жетістіктермен байланысты 4070 компания бар екен. Олардың 400-ге жуығын әйелдер ашқан және әйелдер жетекшілік етеді. Бұл жайында Иран президентінің ғылым мен техника жөніндегі кеңесшісі Зейнеп Хамидзаде мәлім етті. Иран экономикасын дамытудағы әйелдердің орны бір бөлек. Бүкіл әлемдік экономикалық форумның гендерлік айырмашылыққа қатысты соңғы жарияланған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, ирандық әйелдердің білім берудегі деңгейі ер-азамматтармен бірдей. Ирандағы ғылыммен байланысты компаниялардың жылдық табысы 4 трлн риалды (95 млн долларды) құрайды. Ғылыммен байланысты компанияларда аталған елде 136 000-ға тарта адам жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Иран инновация индексі бойынша 120 орыннан 60-шы орынға көтерілген ел.