Иранда тұңғыш рет саяси қылмыс бойынша сот отырысы өтті
Иранда тұңғыш рет саяси қылмыс бойынша сот отырысы өтті
4 жыл бұрын 2126 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2016 жылдың мамыр айының 18-і күні Иран парламенті мен конституция сақшыларының кеңесі саяси қылмыс туралы заңды мақұлады. Иран билігі осылайша сот жүйесін барынша әділетті ету әрі қоғамдық құқықты қорғау үшін осындай маңызды қадам жасады. Парсы елі конституциясының 168-ші бабына сәйкес саяси қылмыстар мен журналистика саласындағы қылмыстарды тергеу, тексеру шаралары жария жүргізіледі әрі сот алқа билерінің қатысуымен өтеді. Алқа билерін іріктеу, олардың құзыретін белгілеу тәртібі мен саяси қылмыстарды айқындау шариғи талаптарға сай заңмен айқындалатын болады. Десе де Теһран қаласында өткен алғашқы саяси қылмысқа қатысты сот отырысында қандай саяси қылмыс қарастырылғаны айтылмаған. Алайда, қандай да бр себеппен орын алып жататын бүгінгі халықаралық талас-тартыста алдымен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында түрлі реформалар жүргізіліп, бастамалар көтеріліп жатады. Мемлекеттік-саяси құрылымы автократияға негізделген Иран да бұдан тыс емес. Ең алдымен бүгінгі күннің талаптары мен тынысын ескеретін, уақыт көлденең тартқан міндеттерді еңсеру үшін зайырлы өмір сүру қағидалары мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, әлеуметтік және саяси институттарды қалыптастыру бағытында жасалынған қадам деуге келеді.

0 пікір
Мұрағат