Иранда шектен тыс көп жалақы алатын 400 шенеунік сот алдында жауап береді
|
Иран соты шектен тыс жалақы алғандары үшін 400-ге жуық шенеуніктің ісін қарайды.
Иранның аудиторлық сотының хабарлауынша, мемлекеттік банктердің кейбір шенеуніктері 622 миллионға (20 мың доллар) жуық ирандық реал алады. Ал, Иранда мемлекеттік қызметкердің орташа жалақысы 400 доллар болады.
«Мен осы баяндама елде үлкен реформалардың қолға алынуына ұйтқы болады деген ойдамын және жекелеген азаматтар жағдайды жеке бас пайдасына шешпейтін болады»,-деп келтіреді Иран парламентінің спикері Али Лариджанидің сөзін агенттік.
Спикер, сонымен қатар, Иран қазынасына шенеуніктердің шектен шыққан зор жалақыларына жұмсалуы тиіс 50 миллиардқа жуық реалдың ел қазынасына қайтарылғанын айтты.
Лариджанидің сөзінше, сот ісі жалақылары 200 миллион реалдан асатын 97 шенеунікке қатысты қозғалды.