Иранда криптовалютаны пайдалануға ресми рұқсат берілді
Иранда криптовалютаны пайдалануға ресми рұқсат берілді
4 жыл бұрын 2048 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Парсы елінің орталық банкі мәлімдегендей, бұдан былай елдегі лицензияланған банктер мен валюта айырбастау орындары ресми майнермен алынған криптовалютаны пайдаланатын болады. Клиенттер оны шетелден келетін тауарлар үшін төлем құралы ретінде пайдалана алады. Бұл жайында islam.kz порталы bitcoinmagazine.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша шиғалар елінің билігі криптовалютаны батыл түрде қолданысқа енгізудің алғашқы қадамын жасап, импортты тауарлар төлемі ретінде пайдалануға рұқсат етіп отыр. 2020 жылдың қазан айында Иранның орталық банкі бұл тараптағы ережені өзгертіп, биткоин мен өзге де криптовалютаны үкіметтің бақылауымен ресми жолмен алып, энергияны субсидиялауға пайдалануға рұқсат еткен еді. Бұл жолы орталық банк криптовалютаны пайдаланудың заңды мүмкіндіктерін кеңейтті. Осы орайда аталған елдің 2019 жылы криптовалюта майнгингін заңдастырғанын айта кетпекпіз. Санкциядан қорғалғаны үшін оны жинақ құралы ретінде қолданысқа енгізіп көрген еді. 2020 жылы Иранның қаржы мекемелері АҚШ-тың салған санкциясына байланысты халықаралық банкаралық SWIFT жүйесінен ажыратылған болатын. 2020 жылдың шілде айында Иран билігі елде жұмыс істейтін майнерлерді тіркеуден өтуге міндеттеді.

Ұқсас материалдар:

«Криптовалютаға толық тыйым салған ел әлемде криптовалюта иеленушілер саны бойынша көш бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutaga-tolyq-tyiym-salgan-el-alemde-kriptovalyuta-ielenushiler-sany-boiynsha-kosh-bastady-14860/#gsc.tab=0);

«Әлемде екінші ел пайда болды криптовалютаның барлық түріне толық тыйым салған» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ekinshi-el-paida-boldy-kriptovalyutanyn-barlyq-turine-tolyq-tyiym-salgan-14831/#gsc.tab=0);

«Криптовалюта нарығын не күтіп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyuta-narygyn-ne-kutip-tur-11173/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат