Иранда кәмелет жасына толмағандарды орамал тақпағаны үшін ұстамайды
Иранда кәмелет жасына толмағандарды орамал тақпағаны үшін ұстамайды
1 жыл бұрын 1105 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: melis82

Иранның тәртіп сақшылары шариғат шәлісін жамылмаған кәмелет жасына (18 жас) толмаған қыздарды мазаламайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Иран парламентінің жетекшісі Мұхаммед Бағыр Ғалибапқа жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сөз орайы келгенде бұған дейін Иран құқық қорғау күштері қолбасшылығының ресми өкілі генерал Саид Мұнтазар Мәді әйелдердің хижаб киюін қадағалайтын жаяу және көліктік патрулдердің іске кіріскенін мәлімдегенін айта кету керек. Шиғалар елінде хижаб кию заңнамалық деңгейде міндеттелген. Шариғи қылмыстық жазалар туралы заңның 638-бабының ескертпесі бойынша қоғамдық орында хижабсыз жүргені үшін 10 күннен екі айға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл түрінде жазалау қарастырылған. Бұл ретте Парсы елінде хижаб киюге қатысты құқықтық нормалар әлі әзірлену үстінде. Хижабқа қатысты заң жобасы парламентте қаралу мен бекітудің соңғы сатысынан өтіп жатыр және жақын арада оның ашық отырысында талқыланатын болады.

Ұқсас материал:

"Иранда шариғат талаптарының сақталуын қадағалайтын полиция жұмысын бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/iranda-sharigat-talaptarynyn-saqtaluyn-qadagalaityn-politsiya-jumysyn-bastady-18918/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат