Иранда АҚШ пен Израил байрақтарының саудасы қызып тұр (фото)
Иранда АҚШ пен Израил байрақтарының саудасы қызып тұр (фото)
5 жыл бұрын 2275 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шиғалар елінде ту дайындайтын фабриканың айы оңынан туып, желі оңынан тұрып, табысқа кенелуде. Өйткені, парсылар елінде АҚШ пен Ұлыбританияның және Израилдің байрағына сұраныс жоғары. Аталған елдердің билігіне қарсы жиі өткізілетін наразылық шерулері мен бұқаралық шараларда өртеуді әдетке айналдырған. Иран астанасы – Теһран қаласынан оңтүстік-батысында орын тепкенХомейн шаһарындағы ту дайындайтын факбрика айына екі мыңға тарта америкалық және израилдік байрақ шығарады, яғни, жылына 1,5 млн шаршы футтан аса туды дайындайды. Бұл жайында Ynet News ақпарат көзі хабар таратты. Әсіресе, АҚШ пен Иранның арасындағы текетірес жаңа деңгейге көтерілгеннен кейін, дәлірегі, аятолланың оң қолы атанған генералдың орталық барлау басқармасы тарапынан қастандықпен өлтірілуінен кейін аталған елдің туына деген сұраныс күрт артқан. "Diba Parcham" деп аталатын, ту дайындайтын фабрика қожайыны Гасем Ганжани қатардағы қарапайым америкалықтар мен британдықтарға емес, олардың Иранға қарсы солақай саясат жүргізіп отырған билік басындағы азаматтарына наразы екенін жеткізді. Тудың сапасына жауапты менеджер (аты-жөнін айтудан бас тартты – ред.) америкалықтардың тек қорқақтар ғана баратын әрекетінің (генерал Қасым Сүлейменидің қастандықпен өлтірілуін меңзеп отыр – ред.) жанында ирандықтардың ту өртеу секілді соңғы уақытта өзінше бір ритуалға айналған әрекеті түкке тұрмайтынын айтып, ақтап алуға тырысты.

0 пікір
Мұрағат