Иранда 25 млн үй құсын жойды
Иранда 25 млн үй құсын жойды
7 жыл бұрын 2425 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда құс тұмауы індетінің қауіп төндіруіне байланысты 25 млн үй құсы өлтірілген. Аталмыш ел астанасы – Тегеран қаласының құс өсірушілер одағының жетекшісі НәсірНебирур ирандық ILNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осындай мәлімет келтіріп, мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, құс тұмауының қауіп төндіруіне байланысты, дәлірегі, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында 25 млн үй құсының, яғни, ел аумағындағы құстың шамамен 40 пайызы жойылғанын алға тартты. Осыған байланысты Иранда құс еті мен жұмыртқасының бағасы шарықтап кеткен. Бұл мәселені шешу үшін, яғни, сұранысты қанағаттандыру үшін Түркиядан құс пен жұмыртқа импорттауға көшкен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, 2003-2018 жылдар аралығында әлем бойынша 454 адамның өмірін жалмаған H5N1 тұмауы жабайы құстардан үй құсына, одан адамға жұғады.

0 пікір
Мұрағат