Иран ядролық бағдарламасына байланысты келісімнен толық шықты
Иран ядролық бағдарламасына байланысты келісімнен толық шықты
5 жыл бұрын 2219 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі жексенбіде 2015 жылы қол жеткізілген ядролық мәміледе қарастырылған, уран байыту үшін центрифуг санына қатысты шектеулерден бас тартатынын мәлімдеді. Парсы елінің мұндай қадамға баруына Бағдат қаласында генерал Қасым Сүлейменнің америкалықтар тарапынан қастандықпен өлтірілуіне байланысты АҚШ-пен арадағы шиеленістің ушығуына себеп болды. Иранның мемлекеттік теледидары хабарлағандай, шиғалар елі ендігі жерде ядролық бағдарламада белгіленген қандай да бір шектеулерді сақтамайтын болады.: уранды байытуға арналған центрифуг санына қатысты шектеуді де, уран байыту деңгейіне қатысты шектеуді де мойындамайды, Иранның ядролық зерттеу саласына да, басқа да жобаларына қатысты қызметті шектемейді. Десе де Иран атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтасуды жалғастыратын болады. Алайда, Иран билігі АҚШ тарапынан салынған санкция алынса, ядролық бағдарламасына байланысты келісімдегі міндеттемелерді орындауға әзір екенін де мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат