Иран уран байытуды арттырып келеді – қару деңгейіндегі санатқа өтеді
|
Иран мамандары уран байытуды 20 пайызға арттыратын болды. Уран байытудағы бұл көрсеткіш қару деңгейіндегі шекке өткенді білдіреді. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын «Интерфакс» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Фордодағы байыту кешенінде уран байытуды 20 пайызға арттыру процесі басталып кетті. Иран билігі уран байытуды жаңғыртатыны туралы шешімін МАГАТЭ-ге мәлім етіп қойған болатын. Парсы елінің парламенті ұсынған «Санкцияны алып тастау жөніндегі стратегиялық шара» заңын мақұлдаған болатын. Иран билігінің бұл қадамы Израилдің мазасын қашыруда. Осы уақытқа дейін Шиғалар елі ядролық бағдарлама бойынша халықаралық келісімде 3,67 пайыздан асырмау көзделгеніне қарамастан 4,5 пайыз деңгейінде уран байытып келген еді.