Иран трансплантацияға арналған дәрі ойлап тауып, жылына 20 млн доллар үнемдеп отыр
|
Парсылар елінің инновациялық кәсіпорны трансплантацияға қажетті дәрі өндіру арқылы жылына аталған препарат импорты үшін жұмсалатын қыруар қаражатты үнемдеуге қол жеткізді. Шиғалар елі осылайша трансплантацияға арналған отандық дәрімен елдегі қажеттіліктің 95%-ын өтеп отыр. Аталмыш кәсіпорынның бас директоры Хұсейн Сәлами трансплантациялауға арналған дәрінің "Иминорал" деп аталатынын әрі ағзаны қондырғаннан кейін пациент қабылдауы тиіс дәрілердің қатарына жататынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл дәрі организмнің донорлық ағзаны жатсынбауы үшін иммундық жасушалардың белсенділігін басады. Бұған қоса, ирандық трансплантацияға арналған дәрінің сапасы шетелде өндірілген нұсқаларынан кем түспесе де 40%-ға арзан екенін мәлімдеді. Сөзінің соңында ол өзі басқаратын иннвоациялық кәсіпорын елдегі неврологиялық дәрі-дәрмектің шамамен 40%-ын өндіретінін тілге тиек етті.