Иран Таяу Шығыстағы шикі болаттың 70 пайызын өндіреді
Иран Таяу Шығыстағы шикі болаттың 70 пайызын өндіреді
1 жыл бұрын 777 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік болат өндірушілер қауымдастығының (WSA) келтірген дерегіне қарағанда, 2023 жылдың алғашқы бес айында Иран Таяу Шығыс аймағы бойынша шикі болаттың 70%-ын өндірген. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Tribune ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында парсы елі 13 млн тонна өндірген, осылайша өткен жылдың аталған мерзіміндегі көрсеткішке шаққанда2,2% артық өндірген. Таяу Шығыста болат өндіретін Иран, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері осы кезеңде жалпы алғанда 18,7 миллион тонна болат өндірген екен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға өскен. Ал WSA мәліметіне үңілсек, Иран әлемдік болат өндіруші державалар арасында биыл 7-ші орыннан көрінген. Иран алдыңғы жылы өндірістің өсу қарқыны бойынша әлемдегі ең ірі болат өндірушілердің арасында бірінші орынға шыққан. WSA есебінде дүние жүзіндегі 64 болат өндіруші мамыр айында 161,6 миллион тоннасын өндіре алған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға аз. Иран болат өндіруде Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ және Ресеймен қатар тұр. WSA мағлұматында Иран 2023 жылдың алғашқы бес айында әлемдегі ең ірі болат өндіруші он державаның арасында 10-шы орнын сақтап қалған.

0 пікір
Мұрағат