Иран Таяу Шығыста тағы бір жеңіліске ұшырады
|
Иран өзінің стратегиялық есебінен қате жіберіп, Таяу Шығыстағы ықпалын шапшаң жоғалта бастады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сириялық көтерілісшілер билік басындағы Башар Асад режиміне күйрете соққы беруде. Бұдан бөлек, Башар Асадтың негізгі одақтасы Иранның да стратегиялық позициясын айтарлықтай әлсіретті: Сирияның солтүстігіндегі стратегиялық маңызы зор Алеппо қаласының едәуір бөлігіне бақылау орнатқан көтерілісшілерден қашқан ирандық күштердің бұл әрекеті Иранның аймақтағы беделіне көп нұсқан келтірді. Оқ-дәрі қоймасы, әскери база, стратегиялық насындар көтерілісшілердің қолына өтті. Сирия – Иран үшін аймақтағы стратегиясының негізгі буыны. Башар Асад режиміне қолдау көрсетіп келген тағы бір ирандық ұйым – Хизбалла Либандағы дағдарысқа байланысты өз басыман қайғы болып кетті. Осылайша Иранның аймақтағы тынысы тарыла бастады. Дамашықтың (Сирия астанасы) негізгі одақтасы Ресей Украинадағы соғысқа байланысты Башар Асадқа жеткілікті көмек көрсете алмай отыр. Сириядағы ахуал Иранның басты жауларының бірі Израилдің аймақтағы ықпалын арттыратын болды.