Иран тарихында тұңғыш рет сирек кездесетін кен орны табылды
Иран тарихында тұңғыш рет сирек кездесетін кен орны табылды
2 жыл бұрын 1292 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран тарихында алғаш рет Хабадан провинциясы аумағынан осы күнгі озық технологияның ең қажетті шикізатына айналған литияның мол кен орны табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Fars ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алдын ала есеп бойынша аталмыш кен орнында 8,5 млн тонна қор бары анықталып отыр. Парсы елінің өнеркәсіп-сауда министрлігіне қарасты геологиялық барлау басқармасаныңы жетекшісі Ыбырайым Әлі Молабей ел тарихындағы аса маңызды осы оқиғаға орай өзге де табиғатта сирек кездесетін металдар мен минералдар кені таяу болашақта ашылып қалуы мүмкін екенін жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінде лития қоры бойынша Латын Америка елдері (атап айтқанда, Боливия, Аргентина, Чили) көш бастап тұр. Содан кейінгі орындарда Ресей Федерациясы, Австралия және Қытай жайғасқан, аталған елдерден бөлек Ауғанстан аумағы мен Скандинавия түбегінде де аккумулятор мен жаңғыртпалы энергия көздерінің қондырғыларында, атом және ғарыш өнеркәсібінде, электронды тұрмыстық бұйымдар мен техникаларда, т.б. кеңінен қолданылатын лития кен орны табылған еді.

0 пікір
Мұрағат