Иран суасты кемесін тауып жоятын дрон құрастырды (видео)
Иран суасты кемесін тауып жоятын дрон құрастырды (видео)
1 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран әскерилері мен инженерлері жаудың суасты кемесін тауып жоя алатын беспилотник құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы «Интерфакс» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсылар елінің әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, вице-адмирал Шаһрам Ирани әскери беспилотниктер құрастыруда Иран жаңа кезеңге өткенін мәлімдеді. Бұл беспилотник сонар жүйесімен (немесе «сонар» – акустикалық сәулеленуді пайдалана отырып, су астындағы нысандарды дыбысынан анықтау құралы – ред.) жабдықталған. Иран адмиралының айтуынша, аталмыш жүйе ұшқышсыз ұшу аппаратына таралу арқылы жер үсті және су астындағы нысандарды анықтауға мүмкіндік береді. Соның ішінде су астындағы насындарды дыбыс толқындарын анықтайды және оларға дейінгі қашықтықты, сондай-ақ, олардың қозғалыс бағытын анықтайды.

0 пікір
Мұрағат