|
Иран сағатына 500-ден аса шақырым қашықтықпен қозғалатын, радарға іліге бермейтін соққы беруші дрон құрастырды (видео)
|
Иран әскерін Hadid-110 деп аталатын камикадзе дронымен жабдықтай бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Defense Express ақпарат көзіне, сондай-ақ, glob-news.com және en.defence-ua.com сайттарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әуеден соққы беру (зымыран, ұшқышсыз ұшатын аппараттар) қару-жарақ арсеналынан азулы державалардың өзі қаймығатын Иранның бұл дронының басты артықшылығы – реактивті қозғалтқышпен жабдықталған, стелсті корпусы жау радарына іліктіре бермейді. Жау насынан 350 шақырым қашықтан атып түсіре алады. 9 шақырым биіктікке дейін ұшса, қауіпті қаруға айналады – жедел атып түсіру мүмкін емес, зениттік зеңбірек пен әуе қорғаныс жүйелерінің көбісі қауқарсыз. Дрон аулайтын құралдардың өзі 5 шақырым биіктіктен ары көтеріле алмайтынын ескерсек, Hadid-110 дроны һақарлы қару ретінде жіктелмек. Мұндай дродармен күресу үшін әскери авиацияны, аса қуатты зенитті зымыран кешенін немесе FPV аулаушы жүйесін пайдалануға тура келеді. Мұндай қаруға қарсы тұру шығыны көп әрі күрделі. Салыстыру үшін алсақ, ирандықтардың әлемге әйгілі Shahed-107 камикадзе дронының ұшу қашықтығы 300 шақырымнан аспайды, бұған қоса, жылдамдығы да төмен – сағатына 180 шақырым. Сарапшылар Иранның бұл қаруын Ресей Украинаға қарсы қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.