Иран құрма өндіруден және экспорттаудан нешінші орында
Иран құрма өндіруден және экспорттаудан нешінші орында
5 жыл бұрын 3118 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның ұлттық құрма қауымдастығының жетекшісі Моһсен Рашиди Фарроһи биыл ел аумағында 1 млн 150 мың тоннадан аса құрма жиналғанын әрі бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 20 пайыз көп екенін мәлімдеді. Осындай статистикалық мәліметті алға тартқан ол ирандық құрма негізінен Үндістанға, Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерге, Ресей Федерациясына, Еуропалық одаққа, Солтүстік Америкаға, Қытай халық республикасына, қысқасы әлемнің барлық түкпіріне экспортталатынын жеткізді. Соның ішінде, өткен жылы Солтүстік Америкаға, Еуропалық одаққа, Ресей федерациясына, Үндістанға, Қытайға 300 мың тонна құрма 400 млн долларға экспортталған. Құрма парсы елінің Керман, Систан, Белужстан, Хузестан, Хормозган, Бушер, Парс, сондай-ақ, Оңтүстік Хорасан провинцияларында өсіріледі. «Иран жылына 1,1 млн тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін құрманың түрлі сортын өсіреді. Иран құрма өсіруден әлемде екінші орында тұрған, ал экспорттаудан бесінші орынға табан тіреген ел»,- деді ол сөзінің соңында. Құрманың әлемдік өндірісі шамамен 7,5 млн тоннаны құрайды. Жылына. Ал құрма өсіруден әрі экспорттаудан Мысыр, Иран, Саудия, Біріккен араб әмірлігі, Пәкістан, Алжир, Ирак, Судан, Оман және Либия көш бастап тұр.

0 пікір
Мұрағат