Иран қарудың екі түрін криптовалютаға сатқысы келеді
Иран қарудың екі түрін криптовалютаға сатқысы келеді
6 сағат бұрын 65 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның қорғаныс министрлігінің экспорт орталығы Mindex өкілдері шетелдіктерге осы заманғы қарудың екі түрін – зымырандар мен ұшқышсыз ұшатын әскери аппараттарды (дрон) криптовалютаға сатуды ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарда парсы елі стратегиялық әскери техниканың экспорты үшін төлем ретінде cryptocurrency қабылдауға дайын екенін жариялаған. Иран билігі цифрлы валютамен есеп айырысу процедурасын немесе операциясын экономикалық санкция мен батыстың қаржылық шектеулерін айналып өтудің бір жолы ретінде қарастырады. Mindex орталығы экспорт бойынша әлемнің 30-35 елімен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Экспорттық қару-жарақ каталогында Shahed дрондары, Emad баллистикалық зымырандары, Shahid Soleimani сыныпты кемелер, сондай-ақ, аз қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бар.

0 пікір
Мұрағат