|
Иран қанатты зымыранын сынақтан өткізді
|
Иранның әскерилері Үнді мұхитында, дәлірегі, аталған мұхиттың солтүстігінде теңіз күштерінің аса ірі «Уәлаят-95» оқу-жаттығуын өткізіп, онда «Наср» деп аталатын қанатты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл жайында rambler.ru ақпарат көзі Press TV арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл әскери жаттығу контр-адмирал Хабибулла Саяридің бұйрығымен өткізілді. Әскери жаттығу ауқымы екі миллион шаршы шақырымды қамтыған. Бұл жаттығу тактикалық маневрге, барлау операциясына машықтануға, зымыранды, торпеданы сынақтан өткізуге және арнайы операцияны өткізуге бағытталған. Жаттығуға әскери техникалармен қатар Иранның өзінде жасалған тікұшақтар да қатысты. Алайда, қанша әскери техника мен қару-жарақ сынақтан өткізілгені туралы айтпады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды