|
Иран президенті жұмысқа метромен барды
|
Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні жұмысқа метромен барды. Бұл жайында nur.kz порталы «ҚазАқпаратқа», ал аталмыш ақпарат көзі trend.az сайтына, ол өз кезегінде Иранның "Fars" агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Метроның "Азади" стансасынан "Имам Әли" стансасына дейін жеткен Хасан Рухани жол бойы жолаушылармен сөйлесіп, олардың проблемаларын тыңдап шықты.
Қаңтардың 19-да Иранда "Таза ауа" күні атап өтіледі, осыған байланысты Хасан Рухани метроны экологиялық таза қоғамдық көлік түрлерінің бірі ретінде қолданған.
Президентпен бірге Экология және қоршаған орта бойынша ұйымның төрайымы Масума Ибтикар еріп жүрді. Сонымен қатар, бұл күні қоғамдық көліктерге Иранның басқа ресми тұлғалары мінді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді