|
Иран пістесі
|
Өткен жылы, яғни, ирандықтардың жыл санауы бойынша 1396 жылы, дәлірегі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта Иранда шамамен 649 000 тонна пісте өндірілген, оның 131 000 тоннадан астамы шетелге экспортталған. Бұл жайында Тегеран қаласының сауда, өнеркәсіп, шахта және ауыл шаруашылығы жөніндегі палатасы Иранның статистикалық орталығы мен аталған елдің кеден әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, мәлім етті. Иранның негізгі үш пісте экспорттаушы елдеріне, атап айтқанда, Вьетнам, Гонконг және Германия жатады. Аталған үш елге, мысалы, Вьетнамға 25 мың тонна, Гонконгқа 18,8 мың тонна, Германияға 12,8 мың тонна пісте экспортталған. Бұл жайында Financial Tribune ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды