|
Иран өзі жасаған тасымалдаушы зымыранын сынақтан өткізді
|
Иран ғарышқа спутник ұшыруға арналған тасымалдаушы зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында ирандық "Тасним" ақпарат агенттігі хабар таратты. Зымыран салмағы 250 келіге дейін жететін аппаратты 500 шақырым биіктікке шығара алады. Аталған құрылғыны имам Хомейни атындағы ғарыш орталығы ұшырды. Айта кетейік, Иран көкке бірнеше жер жерігін ұшырған ел. Ол ол ма, маймылды да ғарышқы ұшырып, сынақтан сәтті өткен болатын. Ал батыс сарапшылары Иранның бұл ғарыш бағдарламасына сенбестік танытып отыр. Олар ғарыш бағдарламасын Иранның құрлықаралық баллистикалық зымыран өндірісі үшін көз алдау үшін қабылданған бағдарлама деп бағалап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды