|
Иран неге АҚШ пен Израил талаптарын орындаудан бас тартады
|
Израиль БАҚ-тары таратқан мәлімет бойынша, Нетаньяху Трамппен шұғыл кездесуде Иранға қатысты ең қатаң талаптарды қоюды көздеп отыр.
1) Иранның ядролық бағдарламасын толық жою. (Іс жүзінде мүмкін емес. Иран үшін ядролық бағдарлама тек технология емес, егемендік пен ұлттық қауіпсіздік символы. Бұған Тегеран ешқашан келіспеген, келіспейді де).
2) Иран аумағында уран байытуды нөлге түсіру. (2015 жылғы келісімде уран байытуға рұқсат болған (3.67%). Ал бұл талап — ядролық отын циклін толығымен жою.)
3) Байыту инфрақұрылымын толық жою. (Центрифугалар, зертханалар, технология бәрі жойылуы керек деген сөз).
4) Барлық байытылған уранды елден шығару. (Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ тек санкциялардың толық алынуы мен қауіпсіздік кепілдігі болғанда ғана. Қазір ондай жағдай жоқ).
5) Зымыран қашықтығын 300 км-мен шектеу. (Бұл талап Иранның әскери доктринасына тікелей соққы. Иранның қорғанысы зымырандарға негізделген. 300 км — Израиль мен АҚШ базаларына жетпейтін шек).
6) Прокси күштерді тарату немесе жою.
(Хезболла, ХАМАС, хуситтер, Ирактағы шииттік топтар). Бұл — Иранның аймақтық ықпалынан толық бас тартуы деген сөз.
7) Қатаң, нақты және сапалы бақылау.
(Иран бұған тыңшылық пен режимді әлсірету құралы ретінде қарайды).
Яғни Израильдің бұл талаптарды қоюдағы мақсаты: Иранмен келісім емес, Иранды стратегиялық тұрғыда әлсірету немесе қақтығысқа итермелеу.
Президент Трамп Израильдің бұл талаптарымен келісе ме? Бұған дейін байқағанымыздай Трамп келісімге қызығатын адам. “Мен 8 соғысты тоқтаттым” деп қайта-қайта айта бергеніне қарағанда соғыс бастауға құлықсыз сияқты. Сондықтан ол Израильдің бұл талаптарын толық қолдауы екіталай. Бірақ оларды қысым құралы ретінде пайдалануы әбден мүмкін.
Жәнібек Көпжасар (ирантанушы, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан)
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ұшатын қолшатырдың жетілдірілген нұсқасы жасалды (видео)
■
Өткен жылы қасиетті қос мешітті (Харам мешіті мен Пайғамбар мешіті) есептемегенде туристер ең көп бас сұққан құлшылық үйі белгілі болды
■
Жапония 10 жасқа дейінгі балаларға баға қою жүйесінен бас тартады
■
Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды
■
Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды