Иран нанотехнологиялық өнімдерін өткізу үшін Азияның алты елінде өз орталығын ашып жатыр
Иран нанотехнологиялық өнімдерін өткізу үшін Азияның алты елінде өз орталығын ашып жатыр
4 жыл бұрын 2210 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран нанотехнологиялық өнімдерін өткізу үшін Азияның алты елінде, атап айтқанда, Қытайда, Үндістанда, Индонезияда және көрші жатқан Сирияда, Түркияда, Иракта өз орталықтарын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезгінде ранның нанотехнология саласындағы инновация жөніндегі кеңесінің жетекшісі Саида Саркараға жөн сілтеген IRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген аталмыш кеңес жетекшісі бүгінгі  таңда отандық нанотехнологиялық өнімдердің әлемнің 49 еліне экспортталатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол отандық технология негізінде 10 өнеркәсіп саласы бойынша 725 нанотехнологиялық өнімдер өндірілетінін мәлімдеді. Шиғалар елі нанотехнология саласында бестік құрамынан көрінген ел. Өткен жылы жазылған ирандық ғалымдардың ғылыми мақалаларының 20 пайызы осы нанотехнология саласына қатысты. Парсы елі әлемде нанотехнология бойынша 4-ші орынға табан тіреген ел. StatNano дерек көзінің келтірген мәліметіне үңілсек, WoS мәліметтер базасында орындалған ирандық ғалымдардың нанотехнологияға қатысты мақалалар саны бойынша әлемдік көрсеткіштің 6 пайызын құраған. WoS мәліметтер базасында тіркелген Иран аумағындағы 227 компания құрылыс, медицина, тоқыма, тұрмыстық техника, тағам өнімдері, т.б. 419 өнім өндіреді екен. Global Innovation Index (GII) 2020 есебіне қарағанда, Иран осымен үшінші жыл қатарынан әлемдегі ғылым мен технологияның (S&T) 100 динамикалық кластерінің арасында 43-ші орынды бермей келеді. Сондай-ақ, Иран ғалымдары соңғы жылдары жасанды зерде, аэродинамика, діңгекті жасуша саласында да көш бастап келеді.

0 пікір
Мұрағат