Иран мол олжаға кенелді
Иран мол олжаға кенелді
2 күн бұрын 483 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның тау-кен өнеркісібін қалпына келтірумен және дамытумен шұғылданатын ұйымы (IMIDRO) технология мен әскери сала үшін ең қажетті металды – сүрмені ел аумағының бірнеше жерінен тапқандарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. IMIDRO мамандары Иранның күлі түкпірі бойынша сегіз өңірде геологиялық барлау жобасына табаны күректей 10 жылын сарп еткендерін де жасырмады. Хабарламада жақында табылған кен орындарының ең ірісі оңтүстік-шығыс Систан және Белужстан провинцияларында орналасқандығы және осы кен орнына әлемдік металлоид қорының 10% -ы тиесілі екені айтылған. Соңғы жылдары сүрмеге деген әлемдік сұраныс өсті, себебі, бұл химиялық элемент күн панелдері мен сезімтал әскери техника өндірісінде кеңінен қолданыла бастады. Сүрме көбінесе антипирен ретінде қолданылады, дегенмен, бұл минерал бұрыннан медицина саласы мен опа-далап өндірісінде қолданылады. Сүрменің бағасы бүкіл әлем бойынша өсуде. Әлемдік сүрме өндірісінің жартысына жуығына ие Қытайдағы экспорттың шектелуіне байланысты бағасы шарықтап кеткен. Өткен жылы жарияланған бағалау есебі мен дерегіне сәйкес таяу жылдары тазалығы жоғары сүрме құймаларының бағасы тоннасына 8000-нан 30 000 долларға дейін өсуі мүмкін. Соңғы жылдары Иран экономиканы әртараптандыру және шикi мұнай экспортынан бас тарту жөнiндегi мақсаты мен міндетінің үддесінен шығу үшін өзiнiң тау-кен секторын ұлғайту бағытында саясат жүргiзуде. Осы орайда 2023 жылды ақпан айында IMIDRO елдегі алғашқы лития кен орнын тапқанынын айта кетпекпіз. Табиғатта сирек кездесетін әрі осы заманғы технологияның негізгі элементтерінің бірінен саналатын лития өндірісін қолға алу үшін биылдан қалмай, яғни, 2025 жылы шахтаны іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6