Иран мен "Хезболлаға" қарсы Израилдің жаңа қаруы несімен ерекше (видео)
Иран мен "Хезболлаға" қарсы Израилдің жаңа қаруы несімен ерекше (видео)
7 жыл бұрын 3608 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил билігі Иран мен "Хейболла" ұйымына қарсы тұру әрі әскери әлеуетін арттыру, сондай-ақ, аймақтағы ықпалын сақтап қалу үшін Rampage деп аталатын дыбыстан жылдам зымыранын құрастыруға кірісетінін жария етті. Инженерлердің сөзіне қарағанда, бұл зымыран Израил әскерилеріне жаңа жағдайда шабуылдауға мүмкіндік бермек. Аталған зымыран F-15, F-16 және F-35 жойғыш ұшақтанрына орналастырылуы мүмкін. Дыбыстан жылдам зымыранның ұшу қашықтығы 90 милге жетеді. Зымыранның ұшу траекториясы GPS бортынан басқарылады. Бұл өз кезегінде оны кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Бұл қару, сонымен қатар, нысанасын мүлт жібермейтін дәлдігімен ерекшеленеді. Тағы бір өзгешелігі ел аумағынан тысқары шықпай-ақ, яғни, шекара аспай-ақ жаудың нысанасын жоюға болатындығында жатыр. Израилдің қарулы күштері бұл қаруды ең алдымен "Хезболла" ұйымына қарсы қолданатынын да жасырмады. Сондай-ақ, бұл қару қазіргі уақытта Израил әскерилері Сирияға әуеден соққы беруде қолданып жүрген Delilahs зымыранына қарағанда арзан болмақ. Аталған зымыранға өзге елдер де көз тігіп отыр. Мәселен, Әзірбайжан сатып алғысы келеді Армениядан жерін қайтарып алу үшін болатын соғыста қолдану үшін. Сондай-ақ, Вьетнам Қытайдың оңтүстік Қытай теңізіндегі ықпалын тежеу үшін сатып алуға мүдделі. 

 

0 пікір
Мұрағат