Иран мен АҚШ-қа келіссөз не үшін керек? – сарапшы жасырын мотивті атады
Иран мен АҚШ-қа келіссөз не үшін керек? – сарапшы жасырын мотивті атады
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Иранға қарсы жорығы әне басталады, міне, басталады деген ақпарат желдей ескенімен америкалықтар Иранға қарсы әскери операциясына кірісуге асығар емес. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı тілшісіне сұхбат берген Түркияның ұлттық барлау академиясы жетекшісінің орынбасары Хаққы Ұйғырдың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік сарапшысының айтуынша, талай жылға созылған текетірестен қордаланған қайшылықтарды шешуден бұрын екі елдің арасындағы келіссөз көбінесе тактикалық маневрге ұқсайды. Келіссіөз ұзарған сайын арадағы шиеленістің түйіні тарқатылып жатқандай немесе Иранға тікелей төнген қауіптің беті қайтқандай көрінгенімен шын мәнінде бұл процесс саяси құралға айналып барады. Иран да, АҚШ та қоғамдық пікірдің арнасын бұру үшін айла-шарғыға барып, уақыттан ұтуға тырысады. Соған қарамастан екі елдің арасындағы текетірес өткір күйінде қалып отыр. Өйткені, америкалықтар Таяу Шығысқа әскери техникасын үйіп-төгіп жатыр. Соның жарқын бір мысалы ретінде түрік сарапшысы британиялық F-35 жойғыш ұшағын Кипрге әкелгенін келтіріп отыр. Бұл соққы беруші ұшақ кезінде Израилдің әуе қорғанысы жүйесінде пайдаланылған болатын. Осылай деген Хаққы Ұйғыр өткен жылдың жазында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссіөздің бесінші раунында Израилмен арадағы шиеленіс шарықтау шегіне жеткенін, оны арты 12 күнге созылған соғысқа ұласқанын және Америка құрама штаттарының да осы қарулы қақтығысқа тартылғанын еске салып өтті. Иранның келіссөздегі позициясы (ұстанымы) санкциялар мен түрлі саяси әрі экономикалық шектеулерден әлсіреген. АҚШ Ираннан уран байытуды толықтай тоқтатуды талап етіп отыр. Ал бұл талапты Иран тарапы орындаудан бас тарту ықтималдығы жоғары. Ядролық бағдарлама - Иранның мемлекеттік қауіпсіздігіне кепілдік береді. Дәлірегі, Иранның қазіргі режиміне тікелей қауіп төндіреді.

0 пікір
Мұрағат