Иран криптовалютаны заңдастырмақ
|
Қатаң экономикалық шектеулер, дәлірегі, санкция астында қалып, әлемнен оқшау күй кешкен ирандықтар жатпай-тұрмай АҚШ-тың бұл қысымына қарсы тұрудың барлық амалын қарастырып, тығырықтан шығар жол іздеп жатыр. Осы мақсатта кейінгі кезде тұрлі салада, қаржы нарығында қолданысқа ене бастаған криптовалюта мүмкіндігін байқап көрмек. Сол себепті, криптовалютаны дамытуға ден қойып отыр. Киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңестің хатшысы Әбілхасан Фирузабади виртуалды валютаны ел аумағында көп ұзамай заңдастырылатынын мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында Иранның Ортақы банкі ел аумағындағы өзге қаржы мекемелеріне криптовалютаның кез келген түрін пайдалануға тыйым салған болатын. "Ақшаны жымқыруға әрі терроризмді қаржыландыруға қолайлы болғаны үшін". Санкция аталған ел билігінің криптовалютаға деген көзқарасын өзгертіп отыр.