Иран жауын бұлттарын ұрлады деп Түркияны айыптауда
Иран жауын бұлттарын ұрлады деп Түркияны айыптауда
11 ай бұрын 953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі Түркия тарапын көрші елдің климатына әсер етіп, құрғақшылыққа себеп болып отыр, деп айыптауға толы мәлімдеме жасады. Парсы елі мұнымен ғана шектеліп қалмай, жауын бұлттарының қайда кеткенін тексеретін немесе аанықтайтын арнайы комиссия құрады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шиғалар елінің мұндай мәлімдеме жасауына екі елдің шекарасы маңындағы өлкелердің фото-суреті себеп болған. Түркия-Иран шекарасының батысында жиі жаңбыр жауады, ал шығысында сирек түседі. Тіпті, айлап нәр тамбайды десе де болады. Түрік ғалымдары Иран билігінің бұл айыптауын теріске шығаруда. Құрғақшылықтың түп-төркінін жаһандық жылынудан көру керек екенін түсіндіруде. Құрғақшылықтан Түркияның өзі де зардап шегіп отыр. Иран билігінің мұндай абсурд әрекеті алғаш рет орын алып отырған жоқ: 2018 жылы Иранның қарулы күштері Израил мен Біріккен Араб Әмірліктерін климатқа өз бақылауын орнатуға талпынып жатыр, деп айыптаған болатын.

0 пікір
Мұрағат