Иран Израилдің талмау тұсынан естен тандыра соққы бере алады
Иран Израилдің талмау тұсынан естен тандыра соққы бере алады
6 жыл бұрын 4625 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен патада Израил премьер-министрі Биньямин Нетагиягу (Benjamin Netanyahu) Иран билігінің Баб-әл-Мандеб бұғазын (Араб түбегінің оңтүстік-батыс бөлігі мен Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігі арасын) өз бақылауына алуынан қауіптенетінін мәлімдеді. Израил премьерінің қауіптенетіндей жөні бар: «Haaretz» ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш бұғаз арқылы күн сайын Израилге немесе Израилден жалпы құны шамамен 15 млрд долларға бағаланған тауарлар тиелген жүк кемелері өтеді. Егер аталмыш бұғазды ирандықтар өд бақылауына алатын болса, израилдіктер ирандықтардың бұл әрекетінен орасан зор экономикалық шығын көреді. Бұдан бөлек, шығыстағы әріптес елдермен, соның ішінде, қытаймен  экономикалық байланысы нашарлайды. Иран аталмыш бұғазды өз бақылауына қалай ала алады? Ол үшін шиғалық йемендік бүлікшілерді аталмыш бұғазға жауып жіберуге толық құдыреті жетеді. 

0 пікір
Мұрағат