Иран іштен іри бастады (видео)
Иран іштен іри бастады (видео)
8 жыл бұрын 4613 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан екі күн бұрын, дәлірегі, желтоқсан айының 27-і күні Иранның бірқатар қаласында ел билігіне наразылық шеруі өтті. Наразылық шеруіне шыққандар ел тұрғындарының жоқшылықтан, дағдарыстан, санкциядан титықтағандарын, соған қарамастан ел билігі халықпен санаспай Сирияда және Йемендегі соғысқа араласуын айыптап, хусит тайпасына материалдық және әскери көмек беруді тоқтатуды талап етті. Сондай наразылық шерулердің бірі Мешһед қаласында өткен болатын. Наразылық шеруіне шыққандар 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде күйреген шаһ режиміне зар болып қалғандарын ашына жеткізді. Сондай-ақ, Иран билігінің әуел баста соғыстың тұтануына себепкер болған Башар Асад режиміне қолдау білдіріп отырған саясатын сынға алды. Иранның және Ресейдің қолдауымен биліктен кетпеген Башар Асад Иран әскерін әкетер болса, бір жылға ұзамай тағынан айырылатынын да айтты. Кезінде Ауғанстаннан кеңес әскері шығарылғаннан кейін билігінен айырылған Нәжибулланың кебін киетінін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат