Иран генералы Мұхаммед Әлі Жапардың мәлімдемесі (видео)
|
Иран өзі құрастырған, екі мың шақырым қашықтыққа дейін ұшатын зымыранға ие. Бұл қару өз кезегінде Иранның сыртқы жаулардан қорғау қабілетін күшейтеді. Бұл жайында Tasnim ақпарат көзі "Ислам революциясының сақшысы" корпусының генералы Мұхаммед Әлі Жапарға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Бұдан былай біздің қарулы күштеріміз әлемдік империализмге тойтарыс беруге дайын",- деп мәлімдеді генерал. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Иран 1990 ылдардан бастап өз зымыранын құрастыруға кірісті. Бұл салада үлкен жетістікке жетіп, баллистикалық зымыран құрастыруда алдыңғы қатардан көрінді. Дәлірегі, бұл арада "Хорремшехр" зымыраны турасында сөз болып отыр. Иран билігі зымыранды дамытуды шектеу туралы келіссөз жүргізуден Иранның аймақтағы бәсеклестерінде баллистикалық зымыранның барын алға тартып, бас тартты.