Иран факторы немесе Иран қатері неде?
Иран факторы немесе Иран қатері неде?
2 сағат бұрын 66 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран сыртқы жауға оңай шағылатын жаңғақ емес. Иран тұңғиыққа тартқан жылым іспетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ейал Зір Коин есімді сарапшыға жөн сілтеген mako.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран тарихы тым тереңде. Талай от пен судан аман шыққан ел. Иммунитеті мықты, бейнелеп айтқанда. Оның үстіне, діни әрі саяси ұстанымы қатар жүрген ел, яғни, діни автократияға құрылған ел. Бұған қоса, шиғалық бағыттағы елдер саны саусақпен санарлық қана. Олардың өздері теократиялық әрі тотолитарлық билік үстемдік құрған елден іргесін аулақ салады. Экономикалық шектеу қойылған Иран қарсыласын бірден  жойып жіберуге ұмтылмайды, керісінше титықтатып барып құртуды көздейтін стратегияны қолданады. Иран өзімен текетірескен алпауыт елге қарсы тұра алуы үшін тежеу, текетіресу саясатын пайдаланады. Әдетте Иран ауқымды соғысты әне бастайды, міне бастайды деген сөздер бұрыннан айтылып келе жатыр. Жаппай шабуылғы шығады деген мерзімде Иран әдеттегіше дөңайбат көрсетуден ары аспайды. Бұл әдіс оның әлсіздігінен емес, өз шамасына қарай жауын титықтату стратегиясынан туындап отыр. Ираннан төнетін басты қауіп - соғыста жеңіліп қалу қатерінен тартыншақтанғанында емес, ұзақ уақытқа созылатын титықтату стратегиясында жатыр. Иран зымырандарын, ақпарттық шабуылды, жаудың осал тұсын пайдалануды ұйғарғанымен ашық соғысқа асықпайды. Мұндағы мақсат - бір майданда жеңуде жатқан жоқ, тікелей қақтығыспай жаудың сілікпесін шығара отырып, з ықпалын кеңейтуге саяды. Әскери соққы маңызды, әрине, десе де бұл стратегиясына жатпайды. Иран аймақтағы елдердің ауыр тағдырын қайталағысы келмейді. Ирак, Ауғанстан, Йемен секілді елдердің басындағы сценариге ұрынудан сақтанады. Иран халқы шамамен 100 млн-ға жете қабыл алып держава. Жерінің кеңдігі де жаудың бірден ойсырата жеңуіне жол бермейді. Ирандағы жүйені күйретуге қолайлы ландшафт қалыптаспаған. Иранның ең осал тұсы - азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстардың көптігінде: ел тұрғындарының шамамен 40%-н құрайды. Осы осал тұсы елді өзгеріске бастап, іштен “іруді” тездетуі мүмкін. Десе де барлық (ақпараттық, әскери, қаржылық, т.б.) барлық ресурсты қолына шоғырландырған Иран билігі ішкі дилемманы айналып өтуге мүмкіндік береді. Уақыт - Таяу Шығыстағы басты ресурс. Иран оны ұтқыр пайдалануды үйренген: қаласа, баяулата алады (шабуылға шығамын деп шықпай қалу тәсілін алсақ та жетеді),  өзіне кері қайтара алады. Иран стратегиясы айыбын жасырып, айбынына асыру тактикасына құрылған бірыңғайда. Коалиция құруға, дұрыс сәтті таңдауға және жаңа дағдарыс тудыратын қателіктердің алдын алуға уақыт қажет. Таяу Шығыста Иран жеңіліс тапқаннан гөрі жауын біртіндеп сындыру,  сарқу саясатын жүргізгенді қолай көреді. Шешуші жеңісті іздеушілер жанжалдың мәнін жоғалтып алу қаупін төндіреді. Салдарын есептемегенде шешімдер келесі дағдарысты ғана тудырады. 

0 пікір
Мұрағат