Иран экономикасы санкциядан қанша шығынға батты
Иран экономикасы санкциядан қанша шығынға батты
6 жыл бұрын 2977 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ядролық бағдарламасына байланысты әлемнен оқшауланған Иранның АҚШ санкциясына байланысты мұнай экспорты 35%-ға кеміп кетті. Бұл жайында Bloomberg ақпарат агенттігі хабар таратты. Осыған байланысты Иранның ұлттық валютасы күрт құнсызданып, долларға шаққандағы бағамы 60%-ға арзандаған. Бұл санкция АҚШ-тың өзіне де таяқ болып тиюі мүмкін екенін алға тартып отыр сарапшылар. Қазірдің өзінде Иранға салынған санкцияның салдары әлемдік мұнай нарығына кері әсерін тигізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, мұнайдың бір баррелі 80 доллардан асып кетті. Осыған байланысты Саудия мен Ресей Федерациясы мұнай өндірісін арттырмақ. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, тамыз айының 6-ы күні Иранға қарсы санкцияның алғашқы блогы қосылады: бұл бағыттағы шектеу Иранның автокөлік секторына, сондай-ақ, металл саудасына, соның ішінде, алтын саудасына қатысты. Бұл санкцияның күші Иранмен іскерлік әрі экономикалық байланыс орнатқан елдерге де қатысты. Ал санкцияның екінші тармағы қарашаның 4-і күні күшіне енеді: бұл жолғысы Иранның энергетикалық секторына, көмірсутекті шикізатқа қатысты транзакциясына, сонымен қатар, Иранның Орталық банкімен байланысты транзакциясына бағытталады. 

0 пікір
Мұрағат