Иран экономикасы 21-ші орынға көтерілді
Иран экономикасы 21-ші орынға көтерілді
2 жыл бұрын 2605 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) соңғы есебінде Иранды әлемдегі 21-ші экономикалық әлеуетін бағалап, Парсы елінің экономикасының 21-ші орынға көтерілгенін атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы iran.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ХВҚ талдау нәтижесі бойынша  2022 жылы әлемнің 171 елінің экономикасы Шиғалар елі экономикасынан төмен болатынын жариялады. Дәлірегі, ХВҚ өзінің соңғы есебінде әлемнің 192 елінің, соның ішінде Иранның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) туралы сараптамалық дерек келтірген. ХВҚ есебінше, Иранның жалпы ішкі өнімі биыл 1,599 млрд долларға жеткен (бұл мәлімет елдің тұтыну қабілетінің индексі (PPI) негізінде жасалды); яғни, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 150 млрд долларға артқан. ХВҚ статистикасына сәйкес Иран елге салынған қатаң экономикалық санкцияларға қарамастан 1,599 миллиард долларлық экономикасымен 2022 жылы әлемдегі ең үлкен 21-ші экономикалық держава болып табылады. Осыған сәйкес Иран экономикасы әлемдегі басқа 171 елдің экономикасынан көшілгері кеткен және биыл тек 20 елдің ішкі жалпы өнімі Ираннан жоғары болады. ХВҚ-ның басқа сараптамасы Иран экономикасының әлеуеті Швейцария, Швеция, Австрия және Ирландиядан екі есе үлкен екенін көрсетті. 2018 жылы АҚШ-тың бұрын-соңды болмаған санкцияларына дейін Иран әлемдегі ең үлкен 18-ші экономика атанған еді. Қатаң шектеу шаралары Иран экономикасына зиян келтіруді көздегенімен санкция астында жаншылып қалмай, керісінше өсуге қол жеткізіп отыр. Бұған Иран билігінің санкцияға байланысты экономиканы одан ары әртараптандыру, технология жетістіктерін ұтымды пайдалануы, халқының саны секілді факторлар септігін тигізуде.

0 пікір
Мұрағат