Иран болат өндіруші 10 елдің қатарына кіреді
Иран болат өндіруші 10 елдің қатарына кіреді
2 жыл бұрын 1644 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран ел экономикасында маңызды рөл атқаратын экологиялық таза өнім - болаттың маңызды өндірушілерінің бірі болып саналады. Бұл жайында islam.kz порталы Tehran Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болат әлемдегі ең маңызды инженерлік және құрылыс материалы болып табылатынын айта кету керек. Ол біздің өміріміздің барлық салаларында қолданылады: автокөліктер мен құрылыс заттарында, тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналарда, жүк кемелерінде және хирургиялық скальпелдерде қолданылады. Оны мүлікті жоғалтпай қайта өңдеуге болады, яғни, өңдеу кезінде мүлік шығын болмайды. Болат 100% қайта өңдеуге жарамды, өте берік материал және басқа материалдармен салыстырғанда оны өндіру үшін энергия аз кетеді. Инновациялық жеңіл болаттар энергия мен ресурстарды үнемдеуге көмектеседі. Соңғы он жылда болат өнеркәсібі қоршаған ортаның ластануын шектеуге көп күш жұмсады. Бұрын worldsteel деп аталған бүкіл әлімдік болат қауымдастығының келтірген дерегіне қарағанда, Иран 2022 жылдың алғашқы он айында 2,9 миллион тонна болат өндірген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен. WSA мәліметі бойынша Парсы елі әлемдегі ең ірі болат өндірушілер қатарында тұр, дәлірегі, оныншы орынға жайғасқан. Ал Иранның болат өндірушілер қауымдастығының (ISPA) хабарынша, Шиғалар елінің болат құймаларының экспорты Иран күнтізбелік жылының алғашқы жеті айында (наурыздың 21-нен қазанның 22-не дейін) өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өскен. ISPA мағлұматыне үңілсек, Иран осы жылдың жеті айында 4 миллион 799 мың тонна болат құймасын экспорттаса, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш 4 миллион 570 мың тоннаны құраған. Иранның кен және тау-кен өнеркәсібін дамыту және жаңарту ұйымы (IMIDRO) жариялағандай, Иранның өткен күнтізбелік 1400 жылында осы елден болат құймаларының экспорты алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға өскен. IMIDRO дерегіндей айтылғандай, аталған елдің болат құймаларының жылдық экспорты өткен жылы 7,678 миллион тоннаны және алдыңғы жылы 6,162 миллион тоннаны құрады. Соңғы жылдары Иранның болат өнеркәсібі АҚШ санкциялары мен жұқпалы індет пандемиясына байланысты экономикалық шектеу шараларына, саяси қысым мен кедергілерге қарамастан үздіксіз дамып келеді. Иранның болат экспортында да өсу үрдісі байқалады. Биыл жарияланған соңғы есеп бойынша Иранның ірі болат өндірушілері, соның ішінде Mobarakeh Steel Company, Khuzestan Steel Company, Esfahan Steel Company, Hormozgan Steel Company және басқалары осы жылдың алғашқы жеті айында 5,912 миллион тоннадан астам болат экспорттаған. Иран күнтізбелік жылы (2021 жылдың наурыз айының 21-нен мен қазанның 22-не дейін) өткен жылдың сәйкес кезеңінен 30 пайызға артық. Иранның 1404 күнтізбелік жылына (2025 жылдың наурызына) дейін Иран өнеркәсібінің әлемдегі жетекші болат өндірушілер арасында жетінші орынға көтерілуі мүмкін екенін алға тартып отыр сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат