|
Иран биыл азаматтарын қажылыққа жібермейді (видео)
|
Иран билігі биыл азаматтарын Меккеге қажылық парызын өтеу үшін жібермейтін болды. Бұл туралы жергілікті «PressTV» телеарнасы хабарлады. Парсы үкіметі Сауд Арабиясы қажылықты өтеуге кедергі тудырады деп айыптаған. Қос елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған келіссөздердің екі кезеңі де ешқандай нәтиже бермеді. Ал, Эр-Рияд Тегеранның Иран азаматтары үшін қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ұсынысын қабылдамапты. Айта кетейік, былтырғы қажылық кезінде Мина жазығында 2,5 мың адам аяқ астында тапталып, көз жұмған еді. Марқұмдардың арасында 464 Иран азаматы болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін