Иран бір жылда 82 елге құрма экспорттады
Иран бір жылда 82 елге құрма экспорттады
8 ай бұрын 663 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран парсылардың жыл қайыруы ойынша (2024 жылдың наурыз айының 19-да аяқталады) әлемнің 82 еліне жоғары саапалы құрма экспортапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің өнеркәсіп, кен жіне сауда палатасының сауда-саттық пен халықаралық қатынасты дамыту комиссиясының жетекшісі Рухала Ләтіп келтірген дерекке жөн сілтеген irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, шиғалар елі бір жыл ішінде 389 мың тонна балғын құрманы экспорттап, 345 млн доллардан аса табыс тапқан. Бұл көрсеткіш оның алдындғы 4,0 пайыздан 6,7 пайызға артқан. Аталмыш кезеңде Үндістан 84 миллион доллардан асатын 90 мың тонна құрма импорттап, Иранның құрма экспортының бірінші бағыты болды, одан кейінгі орындардан Пәкістан, Түркия, Қазақстан, Қытай, Ирак және Ресей көрінген. Иран аумағында өсіп, жеміс салатын құрмалар арасында Мазафати құрмасы жоғарыда аталған елдер импорттаған ең танымал құрма екенін атап өтті. Балғын құрма өндіруден әлем бойынша үшінші орында тұрған Иран құрмасын, сондай-ақ, Австрия, Иордания, Аргентина, Әрмения, Өзбекстан, Испания, Австралия, Оңтүстік Африка, Албания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі және Индонезия импорттайды.

0 пікір
Мұрағат