Иран бидай өндіру бойынша 13-ші орынға шықты
Иран бидай өндіру бойынша 13-ші орынға шықты
1 жыл бұрын 947 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран биыл әлем бойынша бидай өндіруден алдыңғы қатардан көрінді, дәлірегі, 14 млн тонна өнім алған. Бұл көрсеткіш өткен жылғысымен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Америка құрама штаттарының ауыл шаруашылық министрлігі келтірген статистикалық дерекке жөн сілтеген парсылардың бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, Иранның бидай өндірісі 2023 жылы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда алты пайызға артқан. Иран 2022 жылы 13,2 миллион тонна бидай өндірді. 2023 жылы күллі әлем бойынша 782 миллион тонна бидай өндірілген екен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жеті миллион тоннаға азайғанын көрсетеді. Бұл тарапта Қытай 2023 жылы әлемдегі ең ірі бидай өндіруші мемлекет атанды - 137 миллион тоннадан астам бидай өндірді, одан кейінгі орындарда Еуропалық Одақ пен Үндістан тұр.

0 пікір
Мұрағат