Иран аумағынан тағы мыстың мол қоры табылды
Иран аумағынан тағы мыстың мол қоры табылды
2 жыл бұрын 975 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран аумағынан Таяу Шығыс мен Африка құрлығының солтүстік аймағы бойынша аса ірі мыс кені табылды. Бұл жайында islam.kz порталыIRIB News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Керманның оңтүстік-шығысындағы Саршешме ауданынан табылған порфирлі мыс кен орнында тазалығы 42%-ды құрайтын 3 миллиард метрикалық тоннаға жуық мыс кені парсы елін әлемдік мыс нарығында ірі ойыншыға айналдырады. Жаңадан ашылған пайдалы қазба кен орны 93 000 метр аумақты алып жатыр, аталмыш аймақта шамамен 106 жерде барлау жұмысы жүргізілген. Бұл тараптағы барлаудың екінші кезеңі сол өңірдегі 80 000 метр аумақ бойынша 60 жерде жүргізілетіні және операцияның кен орнындағы порфирлі мыс көлемін 4 миллиард тоннаға дейін арттыруға болатыны айтылған хабарламада. Мыс кенін барлау және ашу жұмыстарының барлығын Иранның техникалық мамандар жүргізген. Порфир шөгінділері – магма қабатынан алынған гидротермальды сұйықтықтардан түзілетін ірі, төмен сұрыпты, яғни, сапасы төмен кен денелері. Иранның Саршешмеде, сондай-ақ, Әзірбайжанның Түркиямен шекаралас солтүстік-батыс аймағындағы Сунгунда үлкен мыс қоры бар.

Ұқсас материалдар:

"Иран аумағынан тағы млрд тонна қоры бар мыс кені табылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/iran-aumagynan-tagy-mlrd-tonna-qory-bar-mys-keni-tabyldy-17346/#gsc.tab=0);

"500 млн тонна қоры бар мыс кені табылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/500-mln-tonna-qory-bar-mys-keni-tabyldy-14382/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат