Иран араб елімен арадағы жер дауын күшпен шешкісі келе ме?
|
Біріккен Араб Әмірлігі бүгін басталған Парсы шығанағындағы Иранның саяси әрі әскери элиталық әскерінің (Ислам революциясының сақшылар корпусының, ИРСК) әскери жаттығуын мұқият бақылап отыр. Аталған араб елі ирандық әскерилердің БАӘ мен Иран арасындағы даулы арал маңында өткізгеніне алаңдаулы. Бұл жайында islam.kz порталы Tasnim ақпарат көзіе сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу Мұса аралы 20-шы ғасырдың бас кезінде британдықтардың отары болды. 1971 жылы Ұлыбритания билігі парсы еліндегі ислам революциясынан бірнеше жыл бұрын, дәлірегі, Біріккен Араб Әмірлігі пайда болмай тұрып Иран иелігіне берген еді. Алайда, арабтар бұл аралды әлімсақтан өз жері санайды. ИРСК-тің әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әлізер Тансірі БАӘ билігінен аталған аралға таласудан бас тартуды талап етуде.