Ирак өз қаруын шығарады
|
Ирак билігі тапанша мен мылтықтан бастап, өз қаруын шығаратынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің әскери өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Мұхаммед Сақыб әд-Дәрәжға жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ирак мамандары тек тапаншамен және мылтықпен шектеліп қалмайды, жоспарда өзге де қару түрлерін шығару қарастырылған. Мұхаммед Сақыб әд-Дәрәж «Бабыл» тапаншасы мен "Ар-Рафидейн" мылтық өндірісін бастайынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, бірнеше қару түрі жобаланып отыр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде отандық беспилотниктер мен минометті снарядтар шығарылады. Таяу жылдары қару-жарақ импортын азайтып, отандық өнімдерді арттырады. «Бабыл» тапаншасының жобасына бірнеше шетелдік компания атсалысады. Алғашқы партиясы аясында он мыңнан аса данасы шығарылып, қауіпсіздік күштеріне таратылады.