Ирак ЛГБТ қауымдастығына толық тыйым салуды қарастырып жатыр
Ирак ЛГБТ қауымдастығына толық тыйым салуды қарастырып жатыр
1 жыл бұрын 1204 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ирак парламенті жақында 1988 жылғы қылмыстық кодексіне елдегі бір жыныстылардың төсек қатынасына барғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы түзетулер енгізу туралы Әділет комитеті ұсынған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдағанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған шиғалар елінің қылмыстық кодексінде бір жыныстыларды нақты жазалайтын немесе қандай да бір құқық беретін заң қарастырылмаған. Әдетте мұндай арсыз әрекеттермен көзге түскендерді немесе қолға түскендерді жезөкшелікпен күрес жөніндегі заң талаптарына, сондай-ақ, зорлау мен гомосексуализмге қатаң тыйым салатын 1969 жылғы қылмыстық кодекстің 393-ші бабына сәйкес жауапкершілікке тартатын. «Күрдістан Ислам Одағы» блогының депутаты және парламенттің сот-құқықтық комитетінің мүшесі Дара Секаниани аталмыш заңға енгізілетін өзгертулерге қатысты ұсыныстарға сәйкес гомосексуалистерге өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру, ірі көлемде айыппұл салу немесе бір жылдан бес жылға дейін дейін бас бостандығын шектеу жазасы енгізілуі мүмкін екенін жеткізді. Десе де бұл заң жобасы әлі егжей-егжейлі талқылаудан өтетінін атап өтті. Бұдан бөлек, денсаулығында кінәраты болмаса, өз еркімен жынысын ауыстыру процедурасына да тыйым салатын түзету енгізілуі мүмкін. Сөз орайы келгенде осыдан бірер күн бұрын Ирак билігінің бұқаралық ақпарат құралдары мен мобилді қосымшаларда «гомосексуалдылық» сөзін қолдануға тыйым салатын жарлық шығарғанын, батыстан енген, жат құндылықтарды насихаттайтын бұл терминді «сексуалды ауытқушылық» тіркесімен алмастыруға ұсынғанын, сонымен қатар, «гендер» терминін де қолдануға тыйым салғанын хабарлаған болатынбыз («қараңыз: «Иракта батыстен енген, жат құндылықтарды насихаттайтын сөздерді қолдануға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/irakta-batysten-engen-jat-qundylyqtardy-nasihattaityn-sozderdi-qoldanuga-tyiym-salyndy-19007/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат