«Ирак және Левант» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі бас қоспақ
«Ирак және Левант» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі бас қоспақ
9 жыл бұрын 3126 inform.kz khabar.kz

«Ирак және Левант» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі ағымдағы жылдың соңында Әбу-Дабиде кездеседі.

Ағымдағы жылдың басында мұсылман елдері Марракеш декларациясын қабылдаған. 
Енді Біріккен Араб Әмірліктерінің лидерлері оны діни және құқықтық шаралармен қатар білім беру жүйесіндегі интеграция аясында жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. 
«Мұсылман әлемі үшін келесі қадам - Әбу-Дабиде кездесу. Декларацияны жан-жақты қарастырып, оның жүзеге асуына алғышарт жасаймыз», - деді Әбу-Дабидегі форумның атқарушы директоры Зешан Зафар.
Марракеш декларациясына барша мұсылман әлемінің мүфтилері, діни лидерлері мен белсенділері қол қойып үлгерді. 
Әбу-Дабиде өтетін кездесудің мақсаты мұсылман әлемінде тұратын өзге конфессиялардың мүдделерін ескеру. 
«Араб елдерінде барлығымыз сунниттер мен шииттерге бөлінуден зардап шегеміз. Ислам барлық адамға жіберілген дін екенін түсінуіміз керек... Алла Тағала алдында кімді қабыл, кімді қабыл емес, оны шешетін біз емеспіз», - деді З.Зафар.

«Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымының тынысы тарыла бастады (видео)

«Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы Ирактағы өзіне қарасты жердің 45 пайызынан айырылды.  Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Питер Куктың мәлімдемесіне сілтеме жасап, Ресейдің «Интерфакс» агенттігі ақпарат таратты.  Сонымен бірге, террористерді Сирия аумағынанда шектеуде. Мұнай сатудан түсетін табысы да екі есеге азайған.  Соңғы жылдары осы екі ел аумағының басым бөлігі лаңкестердің уысына өткен болатын.  2014 жылдан бері АҚШ бастаған халықаралық коалиция экстремистер бекінген орындарды әуеден соққылап келеді.

 

0 пікір
Мұрағат