Иордания мен Израилдің Өлі теңізге қатысты бірлескен жобасы тоқтап қалды. Неге?
|
Иорданияның сумен қамтамасыз ету және ирригация министрі Қазым ан-Насыр Израил билігіне Өлі теңіздегі жобаның алдағы тағдарына алаңдаушылық білдіріп, ресми хат жолдады. Яғни, израилдік тараптың жобаға қатысты ұстанымын білу мақсатында. Иорданияның Al-Reid мерзімді басылының таратқан хабарына қарағанда, иорданиялықтар аталған жобаға қатысты жыл соңына дейін израилдіктердің жауап беруін талап етіп отыр. Айта кету керек, осыдан екі апта бұрын Израил тарапы Өлі теңізге қатысты Иорданиямен бірлескен жобаны тоқтатып тастаған болатын. Бұл жобада Қызыл теңізден Өлі теңізге су жіберу көзделген еді. Тағы бір айта кететіні, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта Иордания жаһандық жылынудың кесірінен су тапшылығын қатты тартып отырған елдердің бірі. Аталған мемлекет аумағындағы су қоры 20 пайыз қалғанын да хабарлаған болатынбыз. Ал Израил аталған жобаны жүзеге асыруды нене тоқтатып тастады? Израил тарапы Иорданиядан қуылған дипломаттарын қайта оралуын талап етіп отыр. Израилдік дипломаттар сионистік күзетшінің Израил елшілігі орналасқан ғимарат жанындағы тұрғын үй аумағында өзін бұрауышпен жаралаған иорданиялық азаматты атып тастағанына байланысты қуылған еді.