Инвесторлар өз-өзіне қол жұмсауда
Инвесторлар өз-өзіне қол жұмсауда
9 жыл бұрын 2734

Шэньян қаласындағы Сауда палатасының он жетінші қабатынан 57 жастағы қытай азаматы өз-өзін лақтырып жіберді. Соңғы күндері орын алған қор нарығындағы сәтсіздік оның суицидке баруына себеп болғанға ұқсайды. Бұл жайында Lenta.ru ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталған ғимараттың он жетінші қабатында құнды қағаздар саудасының орталығы орналасқан болатын. Оның жанында сауда акцияларымен байланысты қағаздар салынған қара портфел  болған. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осының алдында Шанхайдағы сауда орталығында қытайдың бір әйелі өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Оның суицидке баруына қор нарығындағы бағаның төмен құлдырағаны себеп болған. Айта кетейік, өткен аптаның соңында қытайдың қор нарығындағы индекс 20 пайызға құлдырады. Нәтижесінде инвесторлар трлн доллардан аса шығын шекті. Тамыз айының 27-і күні Shanghai Composite индексі 5 пайызға көтерілгенімен олар да шығын шеккенін айта кету керек. 

 

0 пікір
Мұрағат