Интерполды теріс мақсатта пайдаланатын ел аталды
Интерполды теріс мақсатта пайдаланатын ел аталды
4 ай бұрын 928 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия Интерполдың хабарландыру жүйесін теріс мақсатта пайдаланатын елдер қатарына енді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ұлыбритания парламенті баяндамада келтірілген дерекке жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, авторитарлық режимдер халықаралық полиция құралдарын билікке сын айтып, шетелге қашқан саяси эммигранттарды қудалау үшін жиі пайдаланады. Адам құқығына қатысты жарияланған баяндамада Түркияның трансұлттық репрессияға жол бергенін әйгілейтін дәлелдер келтірілген. Интерполдың «қызыл хабарламалар» жүйесі осы ұйымға мүше мемлекеттерге сотпен қудалау бойынша іздестіріліп жатқан адамдарды қамауға алуға немесе экстрадициялауға мүмкіндік береді. Алайда, құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық бақылаушылар Түркия сияқты елдер бұл жүйені қылмысқа қатысы бар күдіктілерді емес, саяси оппоненттерді қудалау үшін пайдаланады. Осыны ескерген аталмыш комитет Ұлыбритания үкіметін Интерполды реформалауға шақырды, дәлірегі, халықаралық полиция жүйесінің процедуларын реформалауды, соның ішінде теріс мақсатта пайдаланатын мемлекеттерге жауапкершілік жүктейтін шаралар қолдануды талап етіп отыр. Баяндамада, сондай-ақ, Түркия билігінің ұрланған және жоғалған құжаттар туралы Интерпол дерек қорын теріс мақсатта пайдаланатыны атап өтілген. «Комитетке Түркияның ұрланған және жоғалған жол жүру құжаттары туралы Интерполдың дерек қорын теріс пайдалана бастағаны белгілі болды, сол арқылы қудаланушы адамдардың қайтарылуына ықпал етті», - деп мәлімдеді комитетте. 2016 жылғы шілде айындағы мемлекеттік төңкерістен кейін Түркия билігінің саяси диссиденттерге қарсы қуғын-сүргіндері жаһандық сипатқа ие болып, шетелдердегі сыншылар мен диссиденттердің үнін өшіруге ұдайы талпынып келеді. Президент Режеп Тайип Ердоғанның әкімшілігі заңсыз ұстап беру, тыңшылық, дипломатиялық қысым және Интерполдың халықаралық құқықтық тетіктерін теріс пайдалану сияқты бірқатар мәжбүрлеу шараларын қолдануда.Түркия билігінің халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының наразылығына қарамастан саяси оппоненттерді қайтару үшін іздеуде жүрген адам тұрақтаған мемлекетке саяси эәне экономикалық қысым көрестуге дейінгі шараларға барған.

0 пікір
Мұрағат